«Союз-5/сұңқар» зымыран-тасығышы сынақтан сәтті өтті
Байқоңырда тағы бір тарихи оқиға тіркелді. 45-ші алаңнан «Бәйтерек» кешені арқылы "Союз-5/Сұңқар" зымыран-тасығышының сынақ ұшырылымы сәтті өтті.
Ұшыру барысында зымыранның екі сатысы да қалыпты режимде жұмыс істеп, жүк макеті белгіленген траекторияға шығарылды. Сынақ жұмыстары Росғарыш корпорациясымен бірлесе жүзеге асты. Бұл - Қазақстандық кешеннің толық пайдалануға дайын екенін көрсетеді, дейді мамандар. Айта кетейік, "Бәйтерек" жобасы еліміздің жеке ұшыру инфрақұрылымын пайдалануға мүмкіндік беретін маңызды стратегиялық бастама. Кешен халықаралық сенім стандарттарына сай келеді.