Халық қаһарманының рухына тағзым. Live
Өскеменде Отан Қорғаушы күні мерекесі Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл қоюдан басталды.
Халық Қаһарманының рухына тағзым жасалып, батыр жайлы естеліктер насихатталды. Ел тыныштығын күзетіп жүрген үздік әскери қызметкерлер алғыс хатпен марапатталды.
Отан қорғаушылар мерекесі, ерлікті, өрлікті ұлықтайды. Намысты қайрап жігерді жаниды. Ал Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атамыздың жүріп өткен жолы дәл осы қасиеттерден өрілген. Ендеше бүгінгі мейрамның батыр ескерткіші қасынан басталуы заңды болса керек.
Ескерткішке гүл шоғын қою рәсіміне әскери бөлім басшылықтары мен,күштік құрылым өкілдері,жас жауынгерлермен әскери қызметкерлер,облыс басшылығы қатысты.Сағадат Нұрмағамбетов Отан Соғысында өз әскери жолын қалдырған сарбаз, бар болғаны 21 жасында Кеңес Одағының батыры атағын алған..Кубань, Дон, Молдавия жерінде, талай шайқасқа қатысқан.Ержүрек майдангер жалпы соғысқа қатысқан жылдары 500-ден аса фашистің көзін жойды деген дерек бар. Соғыстан кейін де әскери саладан қол үзбеді. Еліміздегі тұңғыш қорғаныс минстрі болып, Қазақстанның қарулы күштерін құруға атсалысты.Бүгін аты аңызға айналған Халық Қаһарманының өмірін жас буын үлгі тұтады.Салтанатты сәт барысында әскерт сапта,күштік құрылымда еңбегімен көзге түскен қызметкерлер алғысхаттармен марапатталды. Солардың арасында Ұлттық Ұланның 5518ә/б қызметкері, Жалғас Алмасұлы да бар.Қазір марапат иесі менің қасымда тұр.
Жалғас Алмасұлы, 5518 әскери бөлімі бөлімшесінің бастығы:
- Мен үшін дәл бүгін алғыс хат алу өте маңызға ие әрі С. Нұрмабаметов ескерткішінің алдында алу үлкен мәртебе. Өзім 12 жыл бері сапқа келген жас сарбаздармен жұмыс істеп келемін, алдымнан жүздеген солдат өтті.