Қазақстан аумағына шетелдік радиоактивті қалдықтарды көмуге тыйым салынады

Қазақстан шетелден радиоактивті зат әкелуге тосқауыл қояды.

Аталған бастамаға қатысты жеке жүйе құрылып, оларды шетелден әкелуге тыйым салынуы мүмкін. Мәжіліс "Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Құжат елдегі қауіпті қалдықты есепке алу, сақтау, тасымалдау, көму және ұзақ мерзімді бақылау тәртібін бір жүйеге түсіруге бағытталған. Мұндағы маңызды норманың бірі радиоактивті қалдықты басқа мемлекеттен Қазақстан аумағына әкелуге тыйым салу. Мұндай шектеу экологиялық қауіпсіздік пен ұлттық бақылау жүйесін күшейту үшін қажет.