Елде AI-кадрларды даярлаудың жаңа экожүйесі қалыптасып жатыр
Бүгінге дейін еліміздің 95 университетіне AI пәндер енгізіліп, 4 мыңнан астам білім беру бағдарламасы жаңартылған. Ал оқытушылар құрамының басым бөлігі жасанды интеллект бойынша курстан өтті.
Бүгінде Ғылым және жоғары білім министрлігі Президент тапсырмасымен AI-сана бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Оның аясында 100 мыңнан астам студент цифрлық пәндер бойынша білім алып жатыр.
Динара Щеглова, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
- Зерттеудің негізгі қорытындыларының бірі AI-first. Яғни жасанды интеллектке басымдық беретін экономикаға көшу үшін Қазақстанға жоғары білім кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау қарқыны шамамен 3 есе жеделдету қажет. Осыған байланысты министрлік ең алдымен ЖИ дамыту мәселесіне нормативтік деңгейде жүйелі түрде келеді. ЖИ бойынша пәндер мамандығына қарамастан барлық студенттер үшін міндетті болды. ЖИ қолданудың ЖОО арасындағы стандарты бекітілді.