Қоғамдық тамақтану орындарындағы газ баллондар тексеріледі

Қоғамдық тамақтану орындарында газ баллондарын сақтау талаптары тексеріледі. 

Тиісті қауіпсіздік талаптарының орындалуын Әкімдіктер мен Төтенше жағдайлар министрлігі және Бас прокуратура қадағалайды. Премьер-министр Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. «Әсіресе тұрғын үйлерге жапсарлас салынған немесе солардың ішінде орналасқан қызмет көрсету ұйымдарына айрықша назар аудару қажет», - деді Үкімет басшысы.