Қайтарымсыз әуе билеті тонаудың заңды жолы ма?

800 мың теңгеге сатып алынған әуе билеттерінің бар-жоғы 14 мың теңгесі ғана кері қайтарылған.

Талдықорғаннан Астанаға ұшпақ болған тұрғындар осындай келеңсіз жағдайға тап болды. Отбасылық жағдайға байланысты жоспар өзгеріп, олар ұшақ билеттерін бір ай бұрын қайтармақшы еді. Алайда қыруар ақшаға алынған билеттің кері қайтқандағы құны қайран қалдырды. Әуе компаниясымен арадағы дау немен аяқталды? 

Мақпал Ғаббасова, Жетісу облысының тұрғыны:

– Билеттерді заранее тойға үш ай бұрын алдық. Қаңтар айында. Тойға бір ай қалған кезде бізге хабарлама келді той болмайды деп. Соған байланысты бізге билетті қайтару керек болды. 

Туған-туыстарына деп алған 16 билетті жетісулық Мақпал Ғаббасова осылайша қайтаруға мәжбүр болды. Алайда QazaqAir компаниясы 800 мың теңгеге алынған билеттерден тек 14 мың теңгесін ғана қайтарған. Қып-қызыл ақшаның қалайша зым-зиян болғанына таңданған тұрғындар облыстағы сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің көмегіне жүгінді. 

Мақпал Ғаббасова, Жетісу облысының тұрғыны:

- Біз осы департаментке келдік. Департаментке келген кезде олар басында 10 пайызын ғана қайтарып берді. Сосын олар 10 пайызға келіспеген соң тағы да наразылық хатын жазуға көмектесті осы департамент бізге. И сол наразылық хат жазылғаннан кейін екі тәулік  ішінде толық бізге сумамыз қайтарылып берілді. 

Жалпы жыл басынан бері Жетісудағы сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментіне осындай 478 арыз-шағым түскен. Олар көбіне е-өтініш арқылы әлеуметтік желілердегі бот-чаттарға хат жолдаған. 

Ербол Ағыбаев, Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары: 

- Төрт жүз жетпіс сегіздің түскен арыздың 89,7 пайызы қанағаттандырылып болып шешілді. Және де тұтынушыларға жиырма миллионнан астам ақша қаражат қайтарылды.  

Қайтарымсыз билет мәселесі Мәжілістің назарына әлдеқашан іліккені рас. Былтыр желтоқсанда депутат Мұрат Әбенов қайтарылмайтын ұшақ билеті деген ұғымды жоюды ұсынған еді. Оның айтуынша, билет бағасының қайтарымсыз құны 30 пайыздан аспау керек. Бұл халықаралық тәжірибедегі дүние. Ал біздің елде қайтарымсыз құнның қалай анықталатыны түсініксіз. Осыған қатысты QazaqAir компаниясына арнайы сауал жіберген едік. Жауабы мынадай болды:

ҚазақЭйр компаниясының «Хабар» агенттігіне берген жауабының аудармасы: 

- Шегерім сомасын әуе компаниясының коммерциялық саясаты анықтайды және тарифті қолдану ережелерінде әр тариф өнімі үшін бөлек белгілейді. Шегерім сомасы барлық билет санаттары үшін бірдей емес, тарифтің икемділік деңгейіне және қосылған қызметтерге байланысты болады. Мысалы, ECO тарифі қатаң шарттарға, соның ішінде ерікті қайтарымның болмауына байланысты ең төменгі тарифті ұсынады, ал DELUXE тарифі 8000 теңге шегеріммен қайтаруға мүмкіндік береді. Сондықтан тариф неғұрлым икемді болса (қайтару мүмкіндігі, ауыстыру, қосылған багаж және басқа қызметтер), әуе билетінің бағасы соғұрлым жоғары болады. Бұл тәсіл жолаушылардың әуе тасымалы нарығындағы жалпы қабылданған тариф белгілеу тәжірибесіне сәйкес келеді.

Размер удержания определяется коммерческой политикой Авиакомпании и устанавливается отдельно для каждого тарифного продукта в правилах применения тарифа. Размер удержания не является единым для всех категорий билетов и зависит от уровня тарифной гибкости и набора включенных услуг. Так, тариф ECO предусматривает минимальную стоимость перевозки за счет более строгих условий применения, включая отсутствие возможности добровольного возврата, тогда как тариф DELUXE предусматривает возможность возврата с удержанием 8 000 тенге. Таким образом, чем более гибкие условия предоставляет тариф (возможность возврата, изменения, включенный багаж и иные услуги), тем выше стоимость авиабилета. Указанный подход соответствует общепринятой практике формирования тарифов на рынке пассажирских авиаперевозок.

800 мыңдай ірі соманы арыз-шағымнан кейін әуе компаниясы тұтастай қайтарғаны жақсы. Бірақ 90 мыңның әуе билетін қайтару туралы өтінішті қанағаттандырмауы мүмкін. QazaqAir осыған қатысты сауалымызға компания билет тарифінің шарттары мен ұсынылған құжаттардың негізінде шешім қабылданатынын жеткізді. Түйгеніміз мынау: әуе билеттерін қайтаруда мәселе туындаса, уақыт оздырмастан тұтынушылар құқығын қорғау органдарының көмегіне жүгінген абзал.  

Бақыт Топтаева, Шыңғыс Қалиден