Астанада «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды

Астанада «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Мәжіліс төрағасы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтап, 7 номинация бойынша "үздік" танылған 17 адамды марапаттады.

Ерлан Қошанов құттықтау сөзінде БАҚ саласы қызметкерлерінің ел дамуына қосқан үлесі мен Парламенттік журналистикаға сіңірген еңбегі зор екенін атап өтті. «Парламент сөзі» байқауы биыл 10-шы рет ұйымдастырылып отыр. Осы уақытқа дейін 150-ден астам сала маманы конкурс сыйлығын алған.