«Ауыл» партиясының кезектен тыс XXVI Съезі. LIVE

Елордада «Ауыл» партиясының кезектен тыс 26 Съезі өтіп жатыр.

 Бұл – алдағы Құрылтай сайлауы алдындағы маңызды жиын. Партия осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарын қорытындылап, алдағы науқанға жоспар құрады. 

Дәл қазір менің артымда съездің жұмысы қызып жатыр. Жиынға 200-ден астам делегат қатысып отыр. Партия төрағасы Қайрат Айтуғанов оның басым бөлігі өңірлерден келгенін айтты. Бүгінгі жиында Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының атқарған жұмыстарын қорытындылап, сайлауалды бағдарламаны бекіту жоспарланған.