Заңсыз қоқыс полигондары жойылады  

Ал Абай облысының Жаңасемей және Көкпекті аудандарының аумағында қоқыс жинауға арналған еуроконтейнерлер қойылады. 

Сондай-ақ қоқыс таситын арнайы көліктер беріледі. Техника Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен алынды. Яғни ұлттық және жергілікті серіктестерімен бірлесіп, қалдықтарды тиімді басқару және қайта өңдеу жүйесін дамыту жобасы жүзеге асуда. Негізгі мақсат заңсыз қоқыс полигондарын  жойып, тұрмыстық қалдықты жинау және тасымалдау қызметінің сапасын жақсарту. Жауаптылардың айтуынша, бастама өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартып қана қоймай, тұрғындардың тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Сухроб Ходжиматов, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің міндетін атқарушы:

- Мына арнайы техника – осы жоба аясында сатып алынған төрт қоқыс таситын көліктің бірі. Сонымен қатар 200 еуроконтейнер жеткізілді. Оның екеуі Ұлытау облысына, тағы екеуі Абай облысына берілді. Бұл бастама арқылы қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін таныстыруды көздеп отырмыз. Жергілікті әкімдіктер осы тәжірибені кеңінен енгізеді деп сенеміз.