Биыл елімізге 15,7 млн турист келді

Биыл елге 16 миллионға жуық шетелдік турист келді.

Ал ішкі туристер саны 8,6 миллионға жетті. Бүгінде 84 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим енгізілді. Тағы 102 елге электрондық виза қолжетімді. Қазақстаннан 30 елге 145 халықаралық әуе бағыты ашылған. Қазір Кендірлі, Зайсан және Қатон-Қарағайда жаңа әуежайлар салынып, бірқатар өңірдегі әуе айлақтары жаңғыртылып жатыр. Щучье-Бурабай курорттық аймағын, "Маңғыстау" туристік аймағын және Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарлар әзірленді. Бұдан бөлек гидтерге енді жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндеттелмейді. Визит-орталықтардың қызметі заңмен реттеліп, туристік автобустардың мемлекеттік шекарадан жедел өтуі үшін "жасыл дәліз" тетігі іске қосылды.