Иракқа жойқын шабуыл жасалды

АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы бірқатар нысанға шабуыл жасады.

Бұл жөнінде АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы мәлімдеді. Осыған дейін Сауд Арабиясының қорғаныс министрілігі Ирак аумағынан бірнеше дрон ұшырылғанын және соққылардың энергетикалық нысандарға бағытталғанын хабарлаған болатын. Ресми мәлімдемеге сүйенсек, кейінгі шабуылдар осыған жауап ретінде жасалған. Сондай-ақ Сауд Арабиясының Қорғаныс министрлігі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге толық құқылы екенін атап өтті. Ал АҚШ Иракты Иранға қолдау білдірді деп есептейді.