Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бұрынғы әйелін аңдығаны үшін сотталды

Фото: depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бұрынғы бірге тұрған әйелінің соңынан түсіп аңдығаны үшін сотталды, деп хабарлайды «24KZ».

Облыс орталығының тұрғыны үш ай бойы бұрынғы бірге тұрған әйелін заңсыз аңдып, телефон соғып, балағаттау мен қоқан-лоқы көрсетілген хабарламалар жіберген, сондай-ақ оның мүлкіне – автокөлігіне зақым келтірген.

Айыпталушының әрекеттері сталкинг және мүлікті жоюмен қорқыту ретінде сараланды. Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы оның екі эпизод бойынша да кінәсін толық дәлелдеді.

Соттың заңды күшіне енген үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115 және 115-1-баптары бойынша кінәлі деп танылып, 160 сағаттық қоғамдық жұмыстарға, яғни аумақты абаттандыру және тазалау жұмыстарына сотталды.

Прокуратура органдары жеке тиіспеушілікке қол сұғушылық және осыған ұқсас құқыққа қарсы әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы туралы ескертеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз