Қазақстанда жеке сот орындаушыларының қызмет ақысы өзгереді

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда жеке сот орындаушыларының (ЖСО) қызметіне төленетін ақы мөлшері өзгереді, деп хабарлайды 24KZ.

Әділет министрі 2026 жылғы 1 қыркүйекте атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында бөлудің тәртібіне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.

Жаңа талаптарға сәйкес, өңірлік палата ЖСО-ға қағаз түрінде жолдаған атқарушылық құжаттар үш жұмыс күні ішінде жеке қабылданып алынуы тиіс.

Ал жеке сот орындаушысының кеңсесі Астана, облыс немесе республикалық маңызы бар қала аумағынан тыс жерде орналасқан болса, атқарушылық құжат оған тапсырыс хатпен жіберіледі. Бұл ретте құжаттың алынғанын растайтын мәлімет болуы қажет.

Атқарушылық құжатпен бірге оған қоса тіркелген барлық материал да жеке сот орындаушысына беріледі.

Сонымен қатар ережелердің ескертпесінен баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындауға қатысты атқарушылық құжаттар бойынша ЖСО қызметіне жұмсалатын шығынды өндіріп алушы мен борышкердің тең бөлісуі туралы норма алынып тасталды.

Енді мүліктік емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке сот орындаушысының қызмет ақысы мынадай мөлшерде белгіленеді:

  • баламен қарым-қатынас жасау тәртібін белгілеу туралы құжаттар бойынша жеке тұлғалар үшін ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) төленеді. Бұған дейін бұл сома 20 АЕК болған.

Жаңа ережелер 2026 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Сондай-ақ оқыңыз: