Елде жәрдемақы төлеу тәртібі өзгереді

Елімізде жұмыссыз жүргендерге 100 млрд 800 млн теңге төленген. Бұл – соңғы 8 айда нәпақасынан айырылған 314 мыңнан аса адамға берілген жәрдемақы.

Ал былтыр табыссыз қалған 354 мыңнан астам азаматқа 130 млрд теңге жұмсалған. Енді бұл қаржының азаятын түрі бар. Себебі келер айдан бастап жұмыссыздар бұрынғыдай жарты жыл бойы мемлекеттен жәрдемақы алмайды. Бірінші қазаннан кейін табыссыз қалған тұрғынға үкімет тек үш ай көмек көрсетеді. Бірақ алдымен ол үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына тіркелуі керек. Оған бос жұмыс орындары мен арнайы курстар ұсынылады. Ешқайсы сәйкес келмеген жағдайда ғана жәрдемақы тағайындалады.

Сондай-ақ оқыңыз: