Қазақстанда 60 жастан асқан 2,9 млн-нан астам адам бар
2026 жылдың басында Қазақстанда 60 жастан асқан 2 млн 923 мың 472 адам тіркелді. Бұл ел халқының 14,2%-ын құрайды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Олардың 1 млн 163 мың 270-і — ер адам, 1 млн 760 мың 202-сі — әйел.
60 жастан асқан тұрғындар саны ең көп өңірлер қатарында Алматы қаласы — 328 мың 385 адам, Түркістан облысы — 216 мың 544, Қарағанды облысы — 212 мың 487, Алматы облысы — 203 мың 499 және Астана қаласы — 171 мың 138 адам.
Жалпы, 60 жастан асқан тұрғындардың 1 млн 894 мың 268-і қалаларда, 1 млн 29 мың 204-і ауылдық жерлерде тұрады.
Қазақстанда жасы 100-ден асқан 1 323 адам бар.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында 60 жастан асқан 465 мың 302 адам жұмыспен қамтылған. Ал 2025 жылы зейнетақы алушылардың саны 2 млн 415 мың 95 адамды құрады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз