«Цифрлық Жібек жолы» жобасы іске қосылды

«Цифрлық Жібек жолы» бірегей жобасы іске қосылды.

Қазақстан және Әзербайжан Каспий табанымен тартылған Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін жүзеге асыруға кірісті. Бұл Еуразия кеңістігінде анағұрлым жылдам әрі қауіпсіз мәлімет алмасуға мүмкіндік береді. Екі елді байланыстыратын желінің ұзындығы 380 шақырым. Бұл Қазақстанды және Орталық Азияның басқа елдерін, сондай-ақ Қытайды Еуропамен жалғайтын жаңа байланыс бағытының бір бөлігі саналады. Ол Жерорта теңізі мен Қара теңізде орналасқан байланыс жүйелеріне қосылуы мүмкін. Жоба еліміздің цифрлық экономикасын дамыту тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Өйткені бұл жаңашылдық отандық нарыққа жаһандық технологиялық компанияларды тартуға және бұлтты сервистер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.

Сондай-ақ оқыңыз: