Саяхат. «Алтынемел» ұлттық мемлекеттік табиғи саябағы
Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан саябақ жерінің көлемі 520 мың гектарды алып жатыр. Мұнда туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар мен байырғы тарихи ескерткіштер бар. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін де көруге болады. Тарих қойнауынан сыр шерткен «айғай құм» немесе «ән салатын құм» да осында. Оның ерекшелігі құрғақ күндері құм әуенді дыбыстар шығарады. Толығырақ бүгінгі шығарылымда.