1 қаңтардан бастап Қазақстанда не өзгерді?
Бүгіннен бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңге.
Жалпы 2023-2025 жылдарға арналған бюджетте басқа да бірқатар төлемдердің мөлшері өзгереді. Атап айтсақ, мемлекеттен берілетін базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 мың теңгеден асады. Ал зейнетақының минималды мөлшері 53 мың теңге. Айлық есептік көрсеткіш биыл 3450 теңге болса, базалық әлеуметтік төлемдерді есептейтін ең төменгі көнкөріс деңгейі 40567 теңге деп белгіленді.
ГРАФИКА: 2023 жылға белгіленген төлемдер
ең төменгі жалақы ₸ 70 000
ең төменгі базалық зейнетақы ₸ 24 341
ең төменгі зейнетақы мөлшері ₸ 53 076
айлық есептік көрсеткіш ₸ 3 450
ең төменгі күнкөріс деңгейі ₸ 40 567