Ішкі істер министрі Астанадағы полицейлердің жаңа жыл түніндегі жұмысын тексерді
Жаңа жыл қарсаңында елордада мыңдаған полиция қызметкері жұмыс істеді.
Нарядтар мерекеде келіп түскен барлық қоңырауларға жедел жауап берді. Қызметкерлердің жұмысын Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жеке тексерді. Жалпы Қазақстан бойынша 24 мыңнан астам полиция мен әскери қызметкер ел тыныштығын қамтамасыз етеді.