Петропавлда жаңа жыл түні тыныш өтті
Петропавлда жаңа жыл мерекесі тыныш өтті.
200-ге жуық полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қадағалады. Олар 4 қаңтарға дейін күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады. Мамандардың айтуынша, шаһарда крименогенді жағдай тұрақты. Ауыр қылмыстар жасалған жоқ. 102 шұғыл шақыру пультіне тұрғындардан 400-ге жуық қоңырау түскен. Сондай-ақ өткен тәулікте өңірде 6 өрт оқиғасы тіркелді. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Ал түнгі сағат 00:00-ден таңғы жетінің аралығында аймақта екі сәби дүниеге келді.
Ерік Құлжанов, облыстық ПД жедел басқару орталығының бастығы:
- Жедел 102 арнасына 389 телефон қоңырауы келіп түсті. Олардың ішінде көбісі мекен сұрау, адасып кеткендер, емхана, дәріхананың қай жерде орналасқанын және де түнгі уақытта тыныштықты бұзу, отбасы жанжалдары болды.