Жамбыл облысында баламалы энергия өндіретін нысан көбейді
Жамбыл облысында баламалы энергияны өндіретін нысандар саны жылдан жылға артып келеді.
Кейінгі екі жылда өңірде 6 кәсіпорын пайдалануға берілді. Аймақтағы 21 кешен 451 МВт-тық жасыл энергияны өндіреді. Бұл – республикалық көрсеткіштің 22 проценті. Облыс энергияның баламалы көздерін дамыту бойынша Қазақстандағы көшбасшы өңірлердің бірі. «Жасыл» энергетика саласы үшін өте қолайлы аймақта 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерін 32 нысанға жеткізу жоспарланған. Мемлекет басшысының Францияға сапарында, қуаттылығы 1 гигаВатт болатын жел электр станциясын салу жөнінде келісім жасалды. Жоба құны 1,9 миллиард доллар. Бұл республика бойынша баламалы электр энергия көзін 50 процентке дейін арттырады.
Руслан Мұздыбек, облыстық энергетика басқармасы басшысының орынбасары:
- Бұл жобаның тағы бір ерекшелігін атап өтетін болсақ, бұл Қазақстанда алғашқы рет ЖЭС-да электр энергиясын жинақтаушы жүйесі қолданылатын болады. Электр энергиясын өндіру ауытқушылықтарын реттеуге, яғни артық өндірілген электр эгнергиясын жинақтауға, кейіннен соны электр жүйесіне қайта беруге. Соның арқасында осы электр энергия жүйесін, желілерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.