Павлодар облысында жол қозғалысы шектелді
Қолайсыз ауа райына байланысты кешеден бері Павлодар облысында да республикалық маңызы бар бірқатар жолда, көлік қозғалысы шектелді.
Дәл қазір Екібастұз қаласына қарасты Шідер-ті кентінің маңында 118 техника бірлігі тұр. Олардың 26-сы жүк көлігі болса, 87-сі жеңіл көлік. Жолаушылар мінген бес автобус ауа райының жақсарғанын күтуге мәжбүр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, жол бойында үш бірдей жылыту пункті жасақталды. Оларды уақытша паналап отырған 225 адамның 15-і бала. Жергілікті атқарушы билік жолаушыларға ыстық тамақ ұйымдастырған. Ал қар басып қалған атомобиль жолдарын тазартумен «Қаз-автожол» мен, төтенше жағдайлар департаментінің арнайы техникалары айналысуда.