Ақтөбе облысында елдегі әскери ұшқыштардың кезекті жиыны өтіп жатыр
Елде әскери ұшқыштардың кезекті жиыны өтіп жатыр. Бірнеше аэродромның аумағында күрделі ауа райында ұшып-қону, және ең қиын тапсырмаларды орындау жаттығуы өтті.
Тек Ақтөбе облысындағы жиынға елдің 6 қаласынан келген әскерилер тәжірибесін шыңдап жатыр.
Рүстем Жайлыбаев түрлі типтегі тікұшақтардың қыр-сырын жетік меңгерген. Он жылдық қызметі барысында әуеде болған уақыты жүздеген сағатты құрайды. Тәжірибелі ұшқыш қазір өзі секілді әріптестерінің біліктілігін шыңдауға ден қойып жатыр. Оларға әуе кемелерін ұшырып-қондырудан өзге, жаңа міндеттер орындауды үйретеді.
Рүстем Жайлыбаев, ұшқыш-нұсқаушы:
- Біз бірқатар тапсырманы орындауымыз керек. Соның ішінде, түрлі метеожағдайда ұшып-қон білуіміз керек. Тек күн ашық кезде ғана емес, ауа-райы бұзылған уақытта да әуе кемесін басқара білуіміз керек.
Әскерилер бұл жолғы жиында басшылық тарапынан қойылған мндеттердің оңай емес екенін айтады. Әсіресе, ұшқыштардың кез-келген уақытта оның ішінде, түн мезгілінде және кездейсоқ техникалық ақау болғанда да ұшу құралын мүлтіксіз басқаруға басымдық берілген.
Бұл әскери аэродромында өткізіліп жатқан оқу-жаттығу жиынына еліміздің бірнеше қаласынан ұшақтар жиналған. Бірақ негізгі тапсырма дәл осы МИ-8 тікұшағымен орындалады. Экипаж құрамында 3 адам бар. Олар бірнеше міндетті орындауы тиіс. Оның арасында биікке самғап, бұлттардың арасымен өту тапсырмасы да бар.
Жиын Талғат Бегелдинов атындағы әскери әуе күштері институтының аэродромында өтіп жатыр. Мұнда жиналған ондаған ұшқыш пен әуе кемелерін техникалық тексеруден өткізетін, жөндейтін мамандар наурызға дейін өз біліктіліктерін шыңдайды. Аэродромда әскерилердің барлық міндетті орындауына жағдай жасалған. Себебі, соңғы бірнеше жыл бойы тиісті талапқа сай қайта жаңғыртудан өткен.
Аян Назаров, ұшқыш-оператор:
- Ол әртүрлі жағдайларда болады. Түн мезгілі болсын, күндізгі мезгіл болсын және де таулы қыратты, аймақтарда осы біздің вёртолеттарымызды ұшу және қондыру мақсаттарындағы өздерінің біліктіліктерін арттыру және де көрсету мақсатында дайындайды.
Нұрлан Байдуллаев, ҚР ҚК ӘҚК авиация бөлімінің бастығы:
- Осы жиынға Шымкенттен, Алматыдан, Семейден, Астанадан, Ақтаудан ұшқыштар келіп, өзінің техникасын ұшырып алып келіп жатыр. МИ-17, МИ-35 ұшақтары. Қазір осы әскери институттың аэродромында сосын Алматыда авиационный база бар. Екі жерде қазір бірдей өтіп жатыр осы жиын.
Бұл әскери авиация ұшқыштарының жоспарлы жиыны. Бұл шарадан кейін мамандар, алдағы маусымда да тағы бір жаттығу өткізу көзделгенін айтады.