Қарағандыда темекі өнімдері тәркіленді
Қарағандыда акциздік маркалары жоқ жарты миллионға жуық темекі қорабы тәркіленді.
Жедел - іздестіру шарасы барысында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан жергілікті тұрғын ұсталды. Қазір осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті қамауға алынды.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Агенттіктің облыстық департаментінің қызметкерлері көлеңкелі экономика саласында жедел - іздестіру іс шараларын жүргізіп, оның барысында қала тұрғынының заңсыз кәсіпкерлік қызметін әшкереледі. Қоймаларды тінту кезінде жалпы сомасы 432 мыңнан астам қорапты құрайтын әр түрлі маркалы және атаудағы темекі өнімдері табылып тәркіленді.