БҚО-да құлаған тікұшақта ақау болмаған – ТЖМ

БҚО-да құлаған тікұшақта ақау болмаған – ТЖМ

Батыс Қазақстанда құлаған тікұшақтың техникалық жағдайы жарамды болды.

Экипаж мүшелері де кәсіби білікті еді. Төтенше жағдайлар министрі Илья Ильин бүгін осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, ұшқыштардың бірінде 2600 сағат, екіншісінде 4000 сағаттық ұшу тәжірибесі болған. Еске салайын, 23 ақпанда магистральді мұнай құбырын төбеден бақылау кезінде Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған болатын. Салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы екеуі жарақаттанды. Қазір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.