Қазақстандық мамандар суды пайдаланудың тиімді әдісімен танысты
Қазақстандық мамандар суды үнемдеу мен бақылау технологияларымен танысты, деп хабарлайды «Хабар 24».
«Қазсушар» ұйымының 8 қызметкері Оңтүстік Кореядағы су нысандарында болып, сумен қамту жүйесін зерттеді. Еліміздің мамандары озық тәжірибені Батыс Қазақстан облысындағы Каменский топтық су құбырын жаңғырту жобасы аясында қолдана алады. Жаңа жобаны келесі жылы жүзеге асыру жоспарланған.
Айта кеткен жөн, Каменский топтық су құбыры осыдан 40 жыл бұрын пайдалануға берілген. 30 мыңға жуық тұрғынды ауызсумен қамтамасыз етіп отыр.
Әйгерім Ақжанова, «Қазсушар» РМК ауызсу пайдалану бөлімінің басшысы:
- ТЭО – 100% Корей мемлекетінің инвестициясы. Қазақстан мемлекетінен ол жаққа қаржы бөлінбеді. Каменский модернизациясы қажет. Неге сол нысанды таңдадық? Өйткені бүгінгі таңда Орал қаласында су тапшылығы бар. Сондықтан олар қосымша су ретінде Каменский топтық су құбырын қарастырып жатыр Орал қаласына. Өйткені Жайық өзені қазір кішкене тапшылықта.