Алматы облыстық мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды
Алматы облыстық мәдениет басқармасының басшысы бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді.
Бұл жөнінде облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады. Қазір басқарма басшысы Әлия Жақыпбековаға жән басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Лауазымды тұлғаға бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, өз мақсатында жұмсады деген айып тағылды. Іле аудандық тергеу сотының санкциясымен мемлекеттік мекеме басшысы қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.