Елордада жарнамалық баннерлерді демонтаждау басталды
Олар Астана қаласының дизайн кодына сәйкес келмейді.
Әкімшіліктің айтуынша басты мақсат қаланы эстетикалық тұрғысынан реттеу. Қалалық зерттеулер орталығының мәліметінше, бүгінде елордада сыртқы жарнаманың 8 пайыздан астамы мақұлданбаған және келісілмеген.
Айта кетсек, Астананың дизайн-коды сонау 2019 жылы қабылданды, алайда пандемия жұмыстың ерте басталуына кедергі болды. "Демонтаждау жұмыстарының бірінші кезеңі енді ғана басталып отыр", - дейді мамандар.
Елнар Базыкен, урбанистика орталығының басшысы:
- Жарнама мөлдір витринада орналасып, тұрғын үй қасбетіне бейімделуі қажет. Ал түрлі түсті түстер мүлдем қолданбағаны абзал. Бұл негізгі критерийлер. Кейбір адамдар ерекшеленгісі келіп, жағымсыз түстерді, үлкен шрифттерді таңдап жатады. Бәрі стандартқа сай, бір түсті палитрада болу керек. Бұны барлық бизнес иелері бірігіп жасаса дұрыс болар. Өтіп бара жатқан адам қарап отырып, бірігей дизайнды байқаса көзі қуанады ғой.