Елімізде «Жасыл мекен» ағаш отырғызу челленджі басталды
Бүгін елімізде «Жасыл мекен» ағаш отырғызу челленджі басталды.
Елордадан бастау алған республикалық шараға 7 мыңнан астам мектеп оқушысы мен мұғалім қатысты. 750 мыңға жуық жас өскін игілікті іске бір кісідей жұмылды. Барлығы 187 мың түп тал мен 150 мың гүл көшеті егілді. Ал ағаш отырғызатын орынды мектеп ұйымдарының өздері таңдады.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Ең бастысы, еңбекқорлыққа баулу бағытында жасалып отырған бұл іс-шара. Министрден мұғалімге дейін, оқушыға дейін осы челленджді қолдап отырмыз. Бұл челлендждің міндетті түрде нәтижесін беретініне біз біз кәміл сенімдіміз.