ҰҚК он бір қызметкері жауапқа тартылды
Қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкері қылмыстық жауапқа тартылған.
Қазір бірқатар іске қатысты тергеу аяқталды. Бұл жөнінде Мәжілістің пленарлық отырысында Марат Қалқабаев мәлімдеді. Оның айтуынша қайғылы оқиғадан кейін қызметтік тергеп-тексеру шаралары жүргізілген. Бұйрық талаптары мен қызмет атқару тәртібіне өзгерістер енгізілген. Депутаттар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және елдің арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет көрсету мәселелері жөніндегі заң жобасын қарады.