Ұлттық қауіпсіздік пен арнаулы мемлекеттік органдарға қатысты заң өзгереді

Енді әскери-өнеркәсіптік кешендер стратегиялық нысандарға жатқызылады және олар жекешеленген күннің өзінде, мемлекеттің бақылауында болады.

Мұндай норма ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет ету туралы, жаңа заң жобасында қаралды. Бүгін Мәжіліс депутаттары түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл саладағы заңнаманы жетілдіру мақсатында барлығы 2 кодекс пен 11 заңға өзгерістер мен, толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес бұдан былай мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушыны таңдау рәсімі, тек байқау негізінде жүргізіледі. Бұл жемқорлықты болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар енді жергілікті атқарушы органдарға діни экстремизмнің  алдын алуды жүзеге асыру жөніндегі өкілеттік беріледі. Ал оның жұмысын терроризмге қарсы орталық үйлестіретін болады.

Айгүл Құспан, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

- Діни экстремизим мен терроризм екеуі бірге жүреді. Оған біздің көзіміз жетті. Сондықтан біз терроризмге қоса діни экстремизмді кіргіздік. Және терроризмге қарсы орталыққа және терроризмге қарсы комиссияларға осы діни экстремизмнің алдын алу, оған қарсы күресу кіргізілетін болады.