15 мамыр Халықаралық отбасы күні
Бүгін халықаралық отбасы күні.
Осыған орай елордада 6 жұп неке қиды. Салтанатты шара "Бәйтерек" монументінің ішінде өтті. Жас жұптар Есіл ауданы әкімінің қолынан неке қию туралы куәліктерін алып, үлкен жолға аяқ басты. Астананың әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы өкілдерінің айтуынша, бас қалада үйнелетін жұптардың орташа жасы 25 пен 30-дың аралығында. Жалпы статистикада ажырасқандардың саны көп болғанымен, бас қалада соңғы жылдары шаңырақ көтергуге бел буғандар да азаймапты. Жыл басынан бері Астанада 3 мыңдай неке тіркелген.
Айбол Нарманов, қала тұрғыны:
- Біз бірге кофейняда істегенбіз. екеуміз де баристамыз. Біз көрші екі жақ болған. біз сонда келіп жүретінбіз. Мұз алып кетуге. Сол кезде танысып бастағанбыз. солай әрі қарай танысып кеткенбіз. Сезімдер күшті. Қобалжып тұрмыз. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Түнде дұрыстап ұйықтай алмай. Будильник қойып екі-үш рет тұрдық. Енді отбасын құрып жатқан жастарымызға отбасылары мықты болсын, тек қана алға. Қуанышты, бақытты күндері көп болсын.