Түркістан қаласында «Махаббат эстафетасы» облыстық байқауы мәресіне жетті

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына және 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Түркістан қаласында, жас отбасылар арасында «Махаббат эстафетасы» облыстық байқауы өтті.

Оған облыс бойынша кезеңінен өткен үздік отбасылар қатысты. Қоғамдағы отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған шара аясында жас отбасылар спорттың бірнеше түрінен сынға түсті. Сайыстың ережесі бойынша жарысқа қатысушылардың жасы 35-тен, ал балаларының жасы 14-тен аспауы тиіс. Отбасындағы сыйластық, еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерімен дараланған жанұялар «Үлгілі отбасы», «Көрермен көзайымы» аталымы бойынша марапатталды. Жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар табысталды. Жетісайлық Өтепбергеновтар әулеті байқаудың жеңімпазы атанды.

Еркін Өтепбергенов, байқау жеңімпазы:

- Өзім денешынықтыру пәнінің мұғалімімін. Жұбайым ағылшын пәнінің мұғалімі. Балаларым шахматпен айналысады. Қызым баскетбол ойнайды. Бәріміз спортпен шұғылданамыз. Кезең қиын болды, қаппен секіру. Болулинг дейді. Басқасы жақсы. Қатысып кетсек деп келгенбіз, бірақ жеңіске жеттік. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған, командалар өте күшті.