Алматы облысында «Қазқұтқару-2023» оқу- жаттығуы басталды

Алматы облысында «Қазқұтқару-2023» халықаралық оқу-жақттығуы басталды.

Оған Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен еліміздің төтенше жағдай саласының қызметкерлері қатысып жатыр. Екі күн бойы өтетін іс шара барысында алғаш рет еріктілердің республикалық форумы өтеді. Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының қолдауымен ұшқышсыз авиацияны қолдану бойынша шеберлік дәрістері мен жарыстар өткізіледі. Сондай-ақ кинолог мамандар өзара тәжірибе алмасады. Жалпы оқу жаттығуға 500 адам қатысып, жүзге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қахарман Оразалин, ҚР Төтенше жағдай министрлігінің департамент басшысы:

- Турцияда болған біздің кинологический расчеттарымыз. Олар өздерінің алған білімін, бәрін Қазақстандағы құтқарушыларға жеткізіп, көрсетіп, қандай проблемалар болды. Олар қалай шешілді. Одан кейін ары қарай өсіру үшін кинологиялық расчеттарды осындай іс шаралар жүргізіп жатырмыз.