Талғарда қордаланған мәселе көп

Алматы мен Бесағаш арасындағы бұл саяжай кәдімгі елді мекенге айналған.

Мыңнан артық адам тұрады. Күнделікті үйлерінен Алматыға қатынап, жұмыс істейді. Құдықтағы су бірде ақса, бірде тоқтап қалады. Өйткені елу жыл бұрын жүргізілген су желісі әбден тозған. Тұтынушы көп. Барлығын үздіксіз сумен қамтамасыз ететін қысым жеткіліксіз. Деседе де алдағы уақытта аудандағы саяжайлар біртіндеп ауыл аумағына қосылады деді облыс әкімі.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

- Оны елді мекен қылу үшін біз қазір обследование жүргізіп жатырмыз. Инвентаризация жасап жатырмыз. Биылға жылға 25 саяжай Талғар ауданында елді мекен шекарасына қосылатын болады. Әрі қарай сол кезде ғана бізде мүмкіндік пайда болады. Су, газ басқа да мәселесін шешуге.

Жалпы облыста мектеп тапшылығы өзекті болып тұр. Өңірде үш ауысымды 52 мектептің алтауы Талғар ауданында. Мектепке баратын бала саны жыл сайын артып келе жатқан  Қайнар мен Айғаным ауылдарының халқы осы мәселені айтты.

Аманжол Жомартұлы, Қайнар ауылының тұрғыны:

- Бізде ауылда мектеп жоқ. Ауылда шамамен 350-400 дей үй бар. Сол балалар көрші ауылға тасымалмен оқиды. Ол тасымалдың да соуңғы кезде бір айдың көлемінде болып қалды 10-15 күн балалар мектепке бармай ж.р сөздің шынына келгенде. Шамасы келгендер апарады, шамасы келмегендер үйінен оқып отыр. Сол мектепке жер бөліп берсеңіз. Сізден өтініш сол.

Тұрғындардың бұл өтінішін орындау қиын екен.  Өйткені Қайнарда мектеп салатын жер жоқ. Есесіне қасындағы Кіші Байсерке ауылында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мектеп бой көтеруі мүмкін. Бірақ, қашан болатыны нақтыланбады.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

- 900 орындық мектеп көрші ауылда жоспарланып отыр. Сол жаққа тасымалдап оқуға мүмкіндік болады.

Талғарда мәселе көп Таулы ауданда 20 мың гектарға жуық бос жатқан жерді мемлекет  меншігіне қайтару жұмысы тым баяу жүріп жатыр. Өткен жылы әлеуметтік осыл топтағы жандарға бір де бір пәтер берілмеген. Талғар қаласының көшелері  мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысына мүлдем бейімделмеген. Облыс басшылығы барлық сұрақтың жеке қарастырылатындығын айтты. Бұдан бөлек қоғамық көлік мәселесі де айтылды. Биыл Талғар қаласындағы автопарк жаңа автобустармен толыққан. Соның арқасында жолаушылардың Алматыға барыс-келісі жеңілдеген.

Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев