Тұрғын үй реформасы тығырыққа тірелді

Тұрғын үй саласындағы реформа тығырыққа тірелді.

Осыдан 3 жыл бұрын ғана жауаптылар Пәтер иелері кооперативінен бас тартайық, баспанамызға өзіміз бас болайық деп жаңа заң жобасын қабылдаған. Бірақ, халыққа сапалы әрі ашық қызмет әлі көрсетілмей келеді. Енді салада не өзгереді? Келесі бейнематериалда толығырақ.

2020 жыл. Тұрғын үй саласындағы реформаның төңірегінде қызу пікірталас басталды. Көпшілік «КСК» кәсіпке айналды деп шағымдана бастады. Сөйтіп, саладағы МИБ деген жаңа термин енді. Жұртты жаңа жүйеге көшірсек, мәселе түбімен шешіледі деп едік. Арада 3 жыл уақыт өтті. Әлі ешнәрсе өзгермеді.

БЛИЦ:

- Ақша төлейміз, өсіре береді. 5 теңге қосады.

- Желательно было бы лучше, но сделать? И за это спасибо. 

Қазір елде 47 мыңға жуық тұрғын үй бар. Жауаптылар осы үйдің 97 пайызы жаңа жүйеге өтті дейді 6 мыңға жуығы МИБ-ке көшсе, тағы 40 мың үй жай серіктестік ашып алды. Бұл статистикаға қарап, расымен реформа жүзеге асқан екен деп ойлауға болады. Бірақ,  әлгі жай серіктестікке өткен 40 мың үйді сол баяғы КСК басқарып отыр. Аты өзгергенімен, заты өзгермеді. Тиісінше, тұрғын үйлерге көрсетілген қызмет те сол қалпында қалды. 

Нұрбол Көкенов, ҚР ИИДМ Бас сарапшысы:

- Көп өткен үйлер, в основном жай серіктестер ғой. Ол жай серіктес деген аты болғанымен ол жерде КСК жұмысын жалғастыруда. Көп арыз-шағымдар келді. 

Реформаның толық жүзеге аспауына жергілікті атқарушы билік өкілдері кінәлі. Сарапшы Сәкен Алданазаров осылай дейді. Оның айтуынша, заңның кем-кетігі болса да, оның тиімділігі көп еді. Бірақ қағаз жүзінде жұмыс істеген әкімдіктер жағдайды ушықтырып жіберді.

Сәкен Алданазаров, сарапшы:

- Реформа жергілікті жерден акиматқа келіп, сол жерден тоқтады. Тұрғындарға жеткен жоқ.  қабілеті жетпеді ма? Осиге кзқарасы өзгермей, оның концепциясын дұрыс түсінбей әрине реформа әрі қарай жүрмейді. 

Енді жыл соңына дейін тиісті заң жобасы қайта қаралады. Мұнда құжаттың бірқатар кемшілігі түзелуі мүмкін. Алдымен, ПИК жұмысын жалғастыратын болады. МИБ пен жай серіктестік те өз орнында қалады. Тиісінше, тұрғындар өзіне керек жүйені таңдап алады. Әлгі ПИК енді әр үй үшін жеке есеп ашуға міндеттеледі. Сондай-ақ, тікелей бірлесіп басқару деген жаңа механизм пайда болады. Сонымен басқарудың 4 тетігі жұмыс істейді. Төртінші механизмде басшы болмайды. Үйді тұрғындар басқарады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР ПарламентІ Сенатының төрағасы:

- Біз жалпы мүлік иелері бірлестігі туралы заң жобасына қайта ораламыз. Өзгеріс енгізетін қадамдарды халықпен, тұрғындармен, қоғам белсенділерімаен ақылдасу керек. 

Негізі бұл заңның түпкі мақсаты тереңде жатыр. Бұл жергілікті басқарудың бірінші қадамы болу керек еді. Дегенмен, асығыс қабылданған заңнан шикілік әлі шығып жатыр. Көпшілік бұған дайын болмады. Қысқасы, жыл соңында қабылдануы тиіс құжат көп талқыны қажет етіп тұр.

Альмира Оразбай, Бекзат Аманов, Жандос Битабаров