Шетелдік туристер Қазақстанның табиғи ескерткіштеріне қызығады
Астанада өтіп жатқан туристік көрмеге жиналған мамандар осылай дейді.
Айтуынша, еліміздегі табиғаты тамылжыған көрікті жерлерде қызмет көрсету деңгейін көтеру қажет. Әрі саяхатқа арналған бағыттарды түрлендірген абзал. Сонда ғана ішкі туризм әлемдік трендтерге төтеп бере алады.
Алтынбек Құрманов, Баянауыл табиғи паркінің туризм жөніндегі маманы:
- Келген туристерді көбінде табиғи ескерткіштер тартады. Біз былтыр алдыңғы жылдарда 100-130 мыңға дейін туристерді қабылдадық. Өйткені біздің ерекше қорғалатын табиғи аумақтың өзінің шектеуі бар. Соны заң жүзіндегі тәртібімен ұстап келдік. Шетелдік туристерде бар. 10-11 мемлекеттен. Еуропалықтар да бар. Олардың бәрі Баянауылдың табиғатын тамсанып тамашалап кетіп жатады.