ЕҰУ түлектері ашық аспан астында бас қосты
Биыл Еуразия ұлттық университетіне – 27 жыл, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осы уақыт аралығында оқу ордасы 80 мыңнан астам маманды даярлап шығарды. Елеулі күнге орай ашық аспан астында университеттің түлектері мен оқытушылары бас қосты.
Түлектер кездесуі. Еуразия ұлттық университетінің ежелден келе жатқан игі дәстүрі. Биыл ол Оpen air форматында өтеді. Яғни, ашық аспан астында.
Думан Айтмағамбетов, ЕҰУ-нің стратегиялық даму жөніндегі проректоры:
- Бүгін түлектер кездесуі фэмили форматта өтіп жатыр. Яғни, бәрі отбасыларын, бала-шағасын алып келе алады. Бұл балалардың оқып жатқан жерін әрі оқытушы болып істейтін ата-аналардың жұмыс орнын көру мақсатында жасалып отыр. Қызметкерлер бүгін университет туған күнің тойласа, түлектер бі -бірімен қауышып жатыр.
Университет жыл сайын 5 мыңға жуық маман дайындап шығарады. Журналистер мен саясаттанушылардан бастап сәулетшілер мен энергетиктерге дейін осы оқу ордасында білім алады. Бастысы, түлектердің 90%-і диплом алысымен бірден еш қиындықсыз жұмысқа орналасып кетеді. Өйткені білікті кадрлар даярлауға университет жіті мән беріп отыр. Ол үшін 200-ден астам білім беру бағдарламасы түзілген. Олардың құрамы үнемі жаңартылып отырады.
Байжұман Қашқынбай, ЕҰУ Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры:
- Әсіресе менеджмент саласына байланысты білім бағдарламалар. STEM білім бағдарламасы бар. Сосын білім бағытындағы менеджер бағдарламалары бар. Жасанды интеллект бағдарламасы бар. Осылардың бәрі – жұмысшылар тарапынан сұранысқа ие мамандықтар. Біз әрдайым бағдарламаларымызды жаңартып отырамыз.
Университет ғалымдары тұрақты түрде 17 ғылыми журнал шығарып, көрмелер мен конференциялар ұйымдастырып отырады. Енді мұндай басқосуларды өзгеше форматта өткізу мүмкіндігі пайда болды. Жаңа коворкинг орталығы ашылды.
Айта кетейік, оны оқытушылар мен студенттердің өздері жабдықтап, тіпті өз қолдарымен жиһаз да жасаған.
Абзал Орынбасаров, ЕҰУ маркетинг бөлімінің бас маманы:
- Біздің Еуразия ұлттық университетінде тек студенттерді емес, сонымен қоса үлкен профессорлар бар, ұстаздарымыз бар. Сол кісілердің құрметіне, сол кісілерге арнап, өздерінің жұмыстарымен айналыссын, бос уақытта демалсын деген ниетпен «Ұстаз» коворкингін ашып жатқан жайымыз бар.
Университеттің мерейтойымен тағы бір оқиға тұспа-тұс келді. Бүгін Қазақстанның ортағасырлық карталары еңбегі жарық көрді. Жинақ 100 данамен басып шығрылды. Бұл – ғалым Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі. Атлас шығару үшін зерттеуші 20 мыңнан астам түпнұсқа карталарды зерттеген.
Авторлары: Айжан Бірлікқызы, Руслан Алиев