Тұрмыста зорлық-зомбылық көргендердің 60% арызын қайтып алады

Жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 100 мыңнан астам шағым түседі.

Тәртіп сақшылары бұл деректердің ешқайсысын назардан тыс қалдырған емес. Алайда жәбірленушілердің 60 пайызы арызын кері қайтарып алады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция бұл жағдайда істі тоқтатуға мәжбүр. Ал биылғы 4 айда 19 мыңнан астам адам әкімшілік жазаға тартылды. Айта кеткен жөн жәбір көрген келіншектер белгі беріп көмекке шақыра алады. Әлемде мұндай тәжірибені жиі қолданады екен. Ал бізде қалай? Жұрт ымдап көмек сұрағанды түсіне ме? Халық арасынан сұрап көрдік. 

БЛИЦ:

- Иә, яғни көмекке шақыру. Біреуге көмек керек. Көмекке мұқтаж деген сөз.

- Қайсы белгі. Бірге болайық деген. Білмеймін.

- Маған көмектес.

- Сен оны қайдан білдің? Соцсеттен. Егер осы белгіні көрсең көмектесесің бе? 

- Иә, полицияға хабарласам айтам маған көмектес деген белгі беріп жатыр деп адресті айтамын.

- Жоқ. Білмеймін. Все, все, рақмет, біліп жүрем.

- Жоқ, білмеймін рақмет.