Қарағанды облысында сүңгуірлер көл табанын тазартты
Қарағанды облысының да сүңгуір-құтқарушылары көл табанын тазартып, шомылу маусымына дайындықты бастап кетті.
Қазір өңірде шомылуға рұқсат етілген 76 және тиым салынған 240 жағажай бар. Күн жылынып, су қызған соң олардың барлығында демалушылар көбейеді, - дейді мамандар. Сүңгуірлер су түбінен шыны шөлмектер, темірбетон сынықтарын, ағаш, ау, тас, басқа да қоқыстарды алып шықты.
Владимир Гаврильков, облыстық сүңгуір-құтқарушы бөлімінің басшысы:
- Сынған шыны шөлмектер көл табанында көп кездеседі. Бұл өте қауіпті. Суға жүзгенде өткір жүзі қол-аяғыңды жарақаттауы мүмкін. Сондықтан біз түгел тазартамыз. Тұрғындардың алаңсыз демалуына жағдай жасаймыз.