Абай облысындағы өрт 3 мың гектар аумақты шарпыды
Абай облысында қарағайлы орман әлі өртеніп жатыр.
Құтқарушылар үшінші күн қатарынан қызыл жалынмен арпалысуда. Бүгін еліміздің өзге өңірлерінен
Біз қазір өртке ең жақын орналасқан Березовка ауылының жанында тұрмыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай, қазір түтіндеп жатыр. Бұл жердегі жағдай осылайша сағат сайын мың құбылып тұр.Осыған орай құтқарушылар мен техника саны күннен күнге көбейіп жатыр.
Берік Базарбек, өрт сөндіруші:
- Кеше бәсеңдеттік қой. Қазір ауа райына байланысты басқаша болып тұр. Ана жерге барған адам өзі түсінеді. Қазір былай-былай деп айта алмайсың.
Нұрлан Ұранхаев, облыс әкімі:
- Оқиға орнында жедел штаб құрылды. қазіргі таңда 700-ге жуық жеке құрам жұмыс жасап жатыр. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Құтқарушылар мен орманшылар өз жұмыстарын жалғастыруда. 100-ге тарта техника, 6 тікұшақ жұмылдырылды. Қатты желдің салдары өртті сөндіруге қиындық тудырды. Жедел штаб өзінің жұмысын үздіксіз жалғастыруда.
Астана қаласы, Қарағанды және Павлодар облыстарының техникаларынан бөлек жаңа ғана Қорғаныс министрлігінің жол талғамайтын көліктері де осында осы жерге жеткізілді. Сәлден кейін өрт сөндіруге кірісетін болады.
Өртке жеті шақырым жердегі Березовка ауылының кіре берісінде осындай далалық асхана жұмыс істеп тұр. Бородулиха ауданының белсенді тұрғындары екі күннен бері қызыл жалынмен арпалысып жатқан тұрғындарға осылайша көмек көрсетіп жатыр.
Нұрзия Әкімбаева, Ивановка ауылының тұрғыны:
- Біз міне үшінші күн қолымыздан келгенше көмектесіп жатырмыз. Тамақпен қамтамасыз етіп жатырмыз. Осындай көмектеспегенде қашан көмектесеміз? Өрт тез сөніп, барлығы үйлеріне оралсын. Өрт сөндірушілердің барлығына рахмет.
Айта кетейік, өрт осыдан үш күн бұрын Ресейдің Алтай өлкесінен Бородулиха ауданы аумағына өткен болатын. Алдын ала болжам бойынша 3 мың гектарға жуық қарағайлы орман отқа оранған.
Авторлары: Азамат Қасым, Берік Жобалайұлы