Ерлан Қарин мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Жиында Мемлекеттік комиссияның зерттеу, баспа және архив жұмыстарының жүзеге асырылуы талқыланды. Сондай-ақ ғалымдар "ХХ ғасырдың 20-50 жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін" тақырыбында жазылған ғылыми жобаларының нәтижесін таныстырды. Бұдан бөлек, ғалымдар мен сарапшылардың ізденіс жұмыстарын қаржыландыру бағдарламасы қаралды. Жиын соңында комиссия жұмысына қатысты бірқатар тапсырма берілді.