«Қазселденқорғау» басшылығына қатысты тергеуді аяқталды
«Қазселденқорғау» мекемесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметі бойынша, шенеуніктер заңсыз құжаттарға қол қойып, кәсіпкерлерден пара алғаны үшін айыпталуда. Олар бармақ басты, көз қысты әрекеті үшін 396 млн теңге сыйақы алған. Қазір сот санкциясымен күдіктілер қамауда отыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.