Абай облысы Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланды
Абай облысы Бородулиха ауданында орман өртіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды.
Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты. Өртті ауыздықтауға желдің қатты екпіні мен сулы-батпақты жерлер кедергі келтіріп тұр. Ауыр техниканың қозғалысы қиындады. Жалын шарпыған аумақтың ауданы 3,5 мың гектарға жеткен. Жауаптылардың айтуынша, жақын маңдағы ауылдарға қауіп жоқ. Дегенмен 277 адам өздігінен туыстарының үйлеріне эвакуацияланды. Олардың баспанасын 20 полицей күзетеді.
Ибрагим Күлшімбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы:
- Тағы да 2 ұшақты Алматы қаласынан, Тараз жақтан жібереміз. Бұл енді табиғи себеп деп айта аламыз. Өздеріңіз білетіндей, құрғақшылықтың арқасында маңайдағы мемлекеттердің бәрінде дала, орман өрттері болып отыр. Сол бойынша табиғи фактор деп есептер отырмыз.