Шығыстағы 363 елді мекеннің үштен бірінде мобильді интернет жоқ
Шығыс Қазақстандағы 363 елді мекеннің 105-де мобильді интернет жоқ.
Ал ондаған ауылда сапасы өте төмен. Қатонқарағай, Шемонайха,Күршім сынды шалғай аудандарды айтпағанда, Өскеменнің кейбір тұрғын үй алабында интернет ұстамайды. Осындай жерлерді кең жолақты интернет желісіне қосу үшін, өңірде «Жол картасы» жасалды. Енді жергілікті атқарушы органдар да бұл проблеманы шешуге атсалысаты. Бұл туралы облысқа арнайы іссапармен келген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Министр алдымен қаладағы №3 халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Тар ғимаратта жұмыс істеп отырған ұжымды көріп, жыл соңына дейін жаңа нысан берілетінін жеткізді. Осыдан соң техникалық университетке барып, байланыс қызметінің сапасын бақылайтын құралдарды көрді.
Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Алдағы 2024-2025 жылдары осы мәселенің барлығы облыс бойынша шешілетін болады, ол бір күнді шешіле қоятын мәселе емес, өйткені тек қана базалық станция орнатумен шектелмейді. Халықаралық тәжірибені зерттеп тек қана операторлардың мойнына іліп қоймай, өзіміздің мемлекеттік бюджетттен қаражат бөліп жатырмыз.