Денсаулықты қолдау бойынша Орталық Азияның жол картасы әзірленеді
Орталық Азияда 2025 жылға дейін денсаулықты қолдау бойынша Жол картасы әзірненеді.
Шешім Женевада өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 76-сессиясында қабылданды. Бес елдің денсаулық сақтау министрі ұйымның Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесті. Шара барысында өңірдегі қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстар айтылды. Министр Ажар Ғиният елімізде ана мен бала өлімінің төмендегенін атап өтті.
Ханс Клюге, ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры:
- Женевада бірлесіп талқылаған мәселе қыркүйекте Душанбеде өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінде көтеріледі. Денсаулық сақтау тақырыбын саяси кездесудің күн тәртібіне шығарамыз. Өйткені денсаулық сақтау саласына инвестиция салу қажет. Коронавирустық пандемия сала мәселесі жалпы дағдарысқа айналатынын көрсетті. Сондықтан ынтымақтастық өте маңызды және аймақтағы елдер бұл үшін жаһандық роль атқара алады.