Ерекше күтімді қажет ететін бала саны артып барады
Оларды дұрыс тәрбиелеу де өзекті.
Осы мақсатта алғашқы «Қайырымдылық уақыты» атты форум өтті. Балаларға қарайтын мамандар, педагогтар және ата-аналар бас қосты.
"Жалпы баланың көп уақыты ата-аналармен өтеді. Сондықтан олар үйде сауықтыру жаттығуларын жасай білуі керек", - дейді мамандар. Осы мақсатта шеберліктерімен бөлісіп, кеңестерін айтты.
Рауан Сағадиева, ерекше балалары бар ата-аналар одағының жетекшісі:
- Олардың ішінде 180 мыңнан астамы бұл тек қана 18 жасқа дейінгі балалар. Оның 105-мыңнан астамы ғана мүгедектігі бар деген статусы бар. Қалған 80 мыңнан астамы ЗПР, ЗРР, ОНР деген диагноздары бар. Яғни ерекше ақаулықтары бар, оқуға деген ерекше бір қажеттіліктері бар. Бірақ олардың мүгедек деген статусы жоқ. Олар өздерінің диагноздары бойынша ондай статусты ала алмайды.