Қапшағайдың жағасы жаңа кейіпке енеді
Қалада екі жағажайдың аумағы кеңейтіліп, қайта жөнделеді.
Бес шақырым жер абаттандырылады. Велосипед жолдары ұзартылып, амфитеатр салынады. Сауда-cаттық алаңдары пайда болады. Былтыр Алматы мен басқа өңірлерден бір миллионнан астам адам Қапшағайдың суына шомылып, сауық-cайран құрған. Сондықтан сапалы қызмет пен демалысты ойдағыдай ұйымдастыру маңызды. Жалпы Алматы облысында туризмді дамытуда Қапшағай су қоймасының жөні бөлек. Жағажай жасау жобасын іске асыру арқылы 400 жұмыс орны ашылады.
Айдынбек Түменбаев, қала тұрғыны:
- Қала жақсарып жатыр. Өзгеріс болып жатыр. Жаңарып жақсарып қалды. Жағажай таза болу керек, тазалық керек ол жақа.
Ольга Лешкина, қала тұрғыны:
- Егер жағажайды жасайтын болса халыққа ыңғайлы, қолайлы болуы керек. Жастар серуендейтін, велосипед тебетін жер аз. Жағалауда соның барлығы болса дейміз. Ең бастысы бағасы арзан, қала тұрғындары үшін қолжетімді болуы керек қой.