Әскерилер ұшқышсыз аппаратпен жаттығады
Әуе қорғанысы күштері Әскери институты ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың операторын оқыту бағдарламасын кеңейтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Институтқа Skylark 1-Lex тактикалық кешені жеткізілді. Аппарат армияның маневрлік бөлімшелеріне күндізгі және түнгі уақытта 40 шақырымға дейін жоғары сапада барлау жүргізуге мүмкіндік береді. Әрі 3 сағат ұша алады. Бүгінде Skylark 1-Lex Қарулы Күштердің Құрлық әскерлері бөлімшелерінде кеңінен қолданылады.
Нұрлыбек Сейітов, Әуе қорғанысы күштері Әскери институты оқу зертханасының бастығы:
- Іс жүзінде барлап, әскери санын және техниканың бәрін көрсетуге арналған. Ұшқышсыз аппараттың ұзындығы – 3 метр. Оның ұшу биіктігі 500 метрден 1200 метр аралығында.