Президенттік полк сарбаздары ант берді

Сарбаздар ант берді.

Бұл Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштердің «Айбын» Президенттік полкіне мерзімді борышын өтеуге шақырылғандар. Енді бұл жауынгерлер Қазақстанның және де өзге елдердің президенттерінің қатысуымен өтетін салтанаттарда сап түзейді.

Тепсе темір үзетін, сайдың тасындай іріктелген сарбаздар. Бұл Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштердің «Айбын» Президенттік полкіне» Отан алдындағы борышын өтеуге шақырылған жас өрендер. Еліміздің әр өңірінен әскер қатарына шақырылған бозбалалар 1 ай дайындықтан өтіп, қызметін абыроймен атқаруға бүгін салтанатты түрде ант етті.

Тілек Сүлеймәді, қатардағы жауынгер:

- Мен үшін мақтаныш деп ойлаймын. Өйткені бұл жерге сымбатты, бойы ұзын, IQ жоғары, физикалық тұрғыдан мықты жігіттер шақырылады. Олардың қатарынан табылғанымен өте қуаныштымын.

Мемлекеттік қызметтің жөні бөлек, жауапкершілігі жоғары. Еліміздің бірінші тұлғаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың қатысуымен өтетін іс-шараларға жұмылдырылатын сарбаздардың санын айтуға да болмайды. Әскери құпия. Бір анығы бұл қызметке жасы 18 толған, бойы 180 см жоғары, денсаулығында кінараты жоқ ер азаматтар келе алады.

Александр Шуликин, әскери бөлімі бірінші басқарма бастығының орынбасары:

- Рәсімдік құрмет қарауыл ротасының жауынгерлері. Сондықтан бұлар мемлекеттік деңгейде өтетін іс-шараларға қатысатын болады. Бұл жауынгерлердің атқаратын шаралары тікелей еліміздің Президентімен бірге өтетін іс-шараларды қамтамасыз етеді. Сондықтан үлкен жауапкершілік бұл жігіттерде. Бұл жігіттерге сәттілік тілейік!

Отан алдындағы борышын абыроймен өтеуге жас сарбаздардың командирлері ғана емес, ант қабылдау рәсіміге келген ата-аналары да тілекші болып отыр.

БЛИЦ

1.Баламыз абыроймен атқарып келсін дейміз. Дендері сау болсын. Адал қызмет етсін осы Қазақстан Республикасына.

2.Балам Жақсылық Нұрсұлтан осында ант қабылдап жатыр. Президентский полкқа службаға келгеніне қуаныштымын ана ретінде.

3.Баламызды қалай жіберсек, солай оралсын өзімізге. Азаматтық борышын ақтап, жаңа ант берді. Соған біз өзіміз қуандық. Енді қуанышпен қарсы алайық.

Айта кеткен жөн 1 жылдық қызметін өтегеннен кейін бұл сарбаздар келісім шарт бойынша ары қарай мемлекеттік күзетте жұмыс істей алады. Президент пен өзге де тұлғаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, элиталық бөлімнің офицері атана алады.

- Мой папа охраняет Президента. Я тоже хочу.

Риат Шони, Ырыстанбек Оспанов